|
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті «2012 жылдың ең үздік метрологы» конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының, Метрологиялық қызметтің, ғылыми және басқа да ұйымдардың метрология қызметі саласында жұмыс атқаратын жоғары білімі бар жас мамандары (35 жастан аспайтын) және жоғары оқу орнының студенттері қатыса алады.
Конкусқа қатысу үшін мынадай тақырыптардағы жұмыстар жіберіледі:
1) негізгі және заңнамалы метрология;
2) өлшеу теориясы;
3) өлшеу құралдары және эталондары;
4) физикалық және химиялық өлшеулер және басқа да өлшеу түрлері саласындағы зерттеулер;
5) ақпараттық технологиялар мен жүйелер.
Конкурс 2 кезеңде жүргізіледі: 1-кезеңде – жіберілген ғылыми жұмыстарды комиссиялардың бағалауы, 2- кезең – жіберілген ғылыми жұмыстар бойынша, бірінші кезеңнен өткен кандидаттардың баяндамаларын комиссиялардың тыңдауы.
Конкурс қорытындысы бойынша «2012 жылдың ең үздік метрологы» атағы берілетін жеңімпаз және екінші, үшінші орындардлы алған жеңімпаздар анықталады.
Конкурс жеңімпаздары бірінші дәрежелі дипломмен, құнды сыйлықпен марапатталады және Қазақстанды «КООМЕТ ең үздік метрологы» аймақтық конкурсында танытуға мүмкіндік алады, конкурс жүлдегерлері екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Конкурс қорытындысын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2012 жылғы 20-мамырдағы Бүкіләлемдік метрология күнін мерекелеу құрметіне ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушының мекен-жайына мынадай құжаттар жіберу керек:
1) «Жылдың ең үздік метрологы» конкурсын өткізу туралы Ереженің (бұдан әрі-Ереже) (қара: www.memst.kz, www.kazinmetr.kz сайттары, «Жаңалықтар» тарауы); 1-Қосымшасына сәйкес формадағы конкурсқа қатысуға өтініш;
2) Ереженің 2-Қосымшасындағы талаптарға сәйкес ресімделген, қазақ немесе орыс тілдеріндегі баяндаманың екі данасы және баяндаманың электронды нұсқасы;
3) қатысушының тәжірибелік және ғылыми қызметі туралы ақпарат;
4) конкурсқа қатысу мүмкіндігі туралы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің немесе ұйым басшысының ұсынысы;
5) баяндаманы ашық мөрде жариялау мүмкіндігі туралы ұйымның ғылыми кеңесі немесе коммиссиясының эксперттік қорытындысы.
Конкурсқа қатысу үшін материалдарды тапсыру мерзімі – 2012 жылғы 1 наурыз.
Материалдар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11-үй, Эталон орталығы ғимаратына жіберіледі.
Қосымша ақпараттар алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: (7172) 79-32-83, тел./факс: 24-26-94, e-mail: kazinmetr@kazinmetr.org. |