engрусқаз
iздеу: 
Мемлекеттік сатып алу
Жаңалықтар
Отандық өлшеу құралдарын өндірушілер
Техникалық база
Құқықтық база
Қызметтер
Халықаралық ынтымақтастық
Сапа Менеджменті Жүйесі
ЛАБОРАТОРИЯАРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ СЫНАҚТАР (ЛСС)
Семинарлар және курстар
2012 жылдың ең үздік метрологы

Институт туралы
Филиалдар
Байланысу мәліметтері
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Еншілес кәсіпорындар
Пайдалы сілтемелер




ӨОӘ аттестаттау

 

ӨОӘ метрологиялық аттестаттау, тіркеу және есептік тіркеу тәртібі ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР МӨЖ. Өлшеуді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібінде» белгіленген.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықұдан әрі – МҒМО) немесе ҚР СТ 7.6-2009  «ҚР СА. Өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге қойылатың талаптар.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін атқарушыға құжаттар жиынтығын ұсынады, оған мыналар кіреді:

ӨОӘ қолданылу саласының көрсетілуімен еркін түрде ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтінім;

-     ӨОӘ әзірлеудің бастапқы деректері;

-     өлшемдердің қателік сиапаттамаларын анықтау бойынша эксперименталдық метрологиялық зерттеулер туралы бағдарлама және есеп беру (А қосымшасында келтірілген);

-     әзірлеуші-кәсіпорынның басшысымен бекітілген ӨОӘ (екі данада);

-     егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісу (қолдануға рұқсат ету);

-     егер ӨОӘ сауда есептері үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу.

Республика шеңберінде әзірленген ӨОӘ тіркеуден өткізу үшін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізген заңды тұлға немесе пайдаланушы МҒМО құжаттар жиынтығын жібереді, оған мыналар кіреді:

-     қолданылу саласы бар ӨОӘ тіркеуге өтінім (өлшем объектісінің атауы, соның ішінде өнім мен бақыланатын параметрлер атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының таралу саласы - кәсіпорын аясында, экономика, республика салалары аясында); осы ӨОӘ тіркеуден өткізу қажеттілігін негіздеу;

-     ӨОӘ көшірмесі (екі данада);

-     ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;

-       егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау үшін арналған болса, қолданылу саласына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісу (қолдануға рұқсат ету);

-       егер ӨОӘ сауда есептері үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу.

қатысушы-елдерде әзірленген ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде есепті тіркеуден өткізу үшін өтінім беруші уәкілетті органга құжаттар жиынтығын ұсынады, оған мыналар кіреді:

-     қолданылу саласы бар ӨОӘ есепті тіркеуге өтінім (өлшем объектісінің атауы, соның ішінде өнім мен бақыланатын параметрлер атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының таралу саласы - кәсіпорын аясында, экономика, республика салалары аясында); осы ӨОӘ есепті тіркеуден өткізу қажеттілігін негіздеу;

-     ӨОӘ есепке алынған данасы (екі данада);

-     ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;

-     ӨОӘ әзірлеушінің импорттаушы-елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ есепке алынған данасынан көшірме жасауға Казахстанский Институт Метрологии